Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды

/
Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды
скриншот

Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы тағы да фототұзаққа түсіп қалды.

Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аюлардың саны жыл сайын артып келеді. Ұлттық паркте 19-22-ге жуық аю бар.

Бұл сирек кездесетін бейнежазба – қоңыр аюлардың ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді. Аталған дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігінің маңызды айғағы болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр, - дейді "Көлсай көлдері" МҰТП қызметкерлері.

Мемлекеттік саябақ әкімшілігі келушілерге аюлармен кездескен кезде қауіпсіз арақашықтықты сақтау және жануарларды алаңдататын кез келген әрекеттен аулақ болу маңызды екенін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары