ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады

/
ТЖМ Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады
istockphoto

Алматыда тіркелген жер сілкінісінен кейін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды және сел қаупі бар учаскелерді тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, мамандар табиғи апаттан кейін тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарға, оның ішінде көшкін қаупі бар аймақтар мен гидронысандарға мониторинг жүргізген. Барлық тексеру жұмыстары визуалды бақылау арқылы жүзеге асты.

Тексеру нәтижесінде қандай да бір зақымдану немесе ақау анықталған жоқ. Қазіргі уақытта барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қиратулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты, - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары