Ақтаулық ару Елбасыны тойына шақырды

Ақтаулық ару Елбасыны тойына шақырды

Ақтаулық ару Елбасыны тойына шақырды
ашық дереккөзі
273
Елбасы Назарбаев Маңғыстау облысында қоғам өкілдерімен кездесу барысында күтпеген жайтқа кез болды. Кездесу барысында Ақтаулық ару оны өз тойына шақырды. Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Нана Келехсаева президентті өз тойында көргісі келеді. “Жақында мен келін атандым. Осы сәтті пайдалана отырып, мен сізді тойға шақырғым келеді. Бұл біз үшін үлкен мереке”, – деді Келехсаева. Жас келіннің айтуынша, неке қию рәсімі тамыздың ортасында болады. Ол күн атасының туған күні екен. “Құттықтаймын! Атаңа сәлем айт. Бақытты болыңдар”, – деді мемлекет басшысы. Естеріңізге сала кетейік, үйленіп, отау құрған жастардың Елбасыны өз тойларына шақыру үрдісі осыдан бірнеше жыл бұрын бастау алған болатын. 2015 жылы қостанайлық Әсет және Анар Сүндетбаевтар Наурыз қарсаңында өткен өз тойларына қонаққа шақырған Елбасыдан арнайы сыйлық алған болатын. Сондай-ақ, Ақтау қаласының тұрғындары Мейрамбек Исаев пен Әсел Қаржауова да 2016 жылы маусымда өткен тойларына Президентті шақырып, бұл жұп та Елбасы атынан арнайы құттықтауға ие болған еді.

Серіктес жаңалықтары