Түркиялық басылымдар «Бешікташ» командасында ойнайтын қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновтың денсаулығының нашарлап кеткенін жазды, деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Зайнутдиновтың жағдайы соншалықты ауыр, оған жүгіруге де тыйым салынған. Себебі ол жүгірсе, сіңірінде ісік пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ футболшы әзірге жаттығуларға қатысып жатқан жоқ. Оның ем-домына қатысты зерттеуді қажет ететін бірқатар мәселелер бар», — деп жазады Түркиялық Fotospor басылымы.
Осы маусымда Бақтиер Зайнутдинов «Бешікташ» сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген. Соңғы рет ол қаңтар айында «Бешікташ» құрамында алаңға шыққан.