«5 адам қаза тапты»: Тікұшақ апатқа ұшырады

/
«5 адам қаза тапты»: Тікұшақ апатқа ұшырады
Сурет: oxu.az

Үндістанның Уттаракханд штатында тікұшақ апатынан бес адам қаза тауып, екі адам жараланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Oxu.Az жариялады.

Дереккөздің мәліметінше, жеке мақсатта қолданылған жеті орындық тікұшақ Уттаркаши ауданындағы Ганганани ыстық бұлақтарының маңында құлаған.

Уттаракханд штатының бас министрі Пушкар Сингх Дхами әуе апатының себептерін анықтау үшін тергеу жүргізуге бұйрық бергенін айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары