Жуырда үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған Ерке Есмахан тосын сұрақ қойып, елді қызықтырып қойды.
Әншінің сөзіне қарағанда, сәбидің ұл не қыз болатыны анықталған сияқты.
"Ұл ма, қыз ба? Болжаңыздар ал", – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары оған жылы лебіздерін, жақсы пікірлерін айтып, тілеулестік білдірген. Бұған дейін ол әлемді шарлап, саяхатқа шығып келген болатын.