Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жарыс кестесі анықталды

/
Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жарыс кестесі анықталды
Фото: ҚБФ

Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында 10-24 мамыр аралығында өтетін 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының жарыс кестесі белгілі болды.

Бұл жөнінде Азия бокс конфедерацисы (ASBC) мәлім етті.

Құрлықтық дода 11 мамырда техникалық жиналыс пен турнирдің жеребе тарту рәсімімен басталады. Алғашқы жарыс күні 12 мамырда болса, іріктеу кезеңі 18 мамырға дейін жалғасады.

Ал 20 және 21 мамыр күндері жартылай финал өтсе, 22 және 23 мамырда финалдық жекпе-жек өткізіледі. Құрлықтық дода ресми түрде 24 мамырда жабылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын еліміздің 17 жасқа дейінгі боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары