Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай деректі драма жарық көреді

/
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай деректі драма жарық көреді
Ашық дереккөзден

Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай, Астана қаласы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры 9-10 мамыр күндері «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасын ұсынады, деп хабарлады turkystan.kz.

Осыған орай, 9-10 мамыр к.ндері сағат 16:00-де БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция өтеді. (Премьера 18:00-де басталады). Оған батырдың отбасы мүшелері және туынды режиссер мен автор қатысады.

Деректі драма режиссері: Жұлдызбек Жұманбай. Инсценировка авторлары: Бақытбек Қадыр, Жұлдызбек Жұманбай.

«Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы – адамзат тарихындағы ең ауыр Екінші дүниежүзі соғысы жылдарындағы қасірет пен ерліктің, ар-намыстың және отансүйгіштіктің көркем шежіресі. Туындыда Бауыржан Момышұлының қайраткерлік тұлғасы, жауынгерлік рухы, әділет пен адамгершілікке деген биік мұраты сахналық тілмен бейнеленген.

Мәскеу түбіндегі шайқастар, Волоколамск тас жолындағы ұрыстар, Панфилов дивизиясының «Гвардия» атағына ие болуы сияқты тарихи оқиғалар қойылымда көрініс береді. Деректі драмасы жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім, адалдық, намысшылдық сияқты асыл қасиеттерді сіңіретін, шынайы батырлықтың бейнесін көрсететін көркем туынды. Бұл қойылым – ұлт тарихын танудың және ұлы тұлғалардан тағылым алудың жарқын үлгісі.

Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры барша көрерменді тарихи тағылымы мол, рухы биік премьераға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары