Ғалымдар 66 миллион жыл бұрын өмір сүрген тираннозаврдың терісінен сөмке тікпек

/
Ғалымдар 66 миллион жыл бұрын өмір сүрген тираннозаврдың терісінен сөмке тікпек
сурет: istockphoto.com

Британ ғалымдары сән мен ғылымның шекарасын жоймақ: олар 66 миллион жыл бұрын өмір сүрген тираннозаврдың терісінен сөмке тігуді жоспарлап отыр. Бұл ерекше жоба туралы New York Post хабарлады.

Ньюкасл университетінің профессоры Че Коннонның айтуынша, тері зертханада өсіріледі. Ол үшін ғалымдар көне динозаврдың қазба қалдықтарынан алынған ақуыз іздерін қолданбақ. Осы биоинженерлік әдістің нәтижесінде алынған материал дәстүрлі теріге құрылымдық жағынан ұқсас болады, бірақ ол биоыдырайтын әрі этикалық тұрғыдан таза өнім болмақ.

Бұл тың жобаға VML, The Organoid Company және Lab-Grown Leather Ltd компаниялары серіктес болып отыр. Егер тәжірибе сәтті өтсе, бұл адамзат тарихында алғаш рет зертханада өсірілген біздің заманымызға дейінгі теріден тігілген бұйым болмақ.

Профессор Коннон бұл бағыттағы ең күрделі қадам – жасушалардан тері жасау сәтті орындалғанын атап өтті.

"Қалғаны – қазіргі технологиямен жүзеге асыруға болатын дүние", – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары