«Маша мен аю» Ресейден кетеді: Мультсериал авторы Мәскеу бөлімшесімен байланысын үзді

/
«Маша мен аю» Ресейден кетеді: Мультсериал авторы Мәскеу бөлімшесімен байланысын үзді
сурет: мультсериалдан жасалған скриншот

Биылғы маусымда «Маша мен аю» мультсериалының авторы саналатын «Анимаккорд» студиясы Ресейдегі жұмысын толықтай тоқтатып, қызметін Кипрге көшіреді. Мәскеудегі кеңсе жабылып, онда жұмыс істеген аниматорлар жұмыстан босатылды.

Мультсериал авторы Олег Кузовков студияның Мәскеу бөлімшесімен байланысын үзді. Оның айтуынша,кейінгі шыққан бөлімдер жобаның сапасын төмендеткен. Айта кетейік, «Маша мен Аю» франшизасының құқығы бұрыннан Кипрлік Animaccord LTD компаниясына тиесілі.

Кейбір қызметкерлер өтемақы алғанымен, жобаға фрилансер ретінде қатысқан мамандарға төлем жасалмаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары