Жамбыл облысында қызғалдақтарға арналған геопарк ашылады

/
Жамбыл облысында қызғалдақтарға арналған геопарк ашылады
Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау тауының бөктеріндегі «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі аймақтың бірегей қызғалдақ мұрасын сақтауды талқылау үшін әртүрлі елдердің ғалымдарын, экологтарын және табиғат әуесқойларын біріктірді.

Жамбыл облысы қызғалдақтардың алуан түрлілігі бойынша әлемдік орталықтардың бірі. Өңірде көздің жауын алар гүлдің 18 түрі өседі, оның 10-ы Қызыл кітапқа енген.

Осы табиғи байлық халықаралық қызғалдақ фестивалінің өзегі болды. Іс-шараға 5 мың адам қатысты, оның ішінде 400 шетелдік турист бар. Фестиваль туристік саланы жандандыруға жол ашты.

Қаратау биологиялық әралуандылыққа арналған халықаралық пікір алмасу орталығына айналды. Сарапшылар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұрасына қызғалдақтың бірқатар түрін енгізуді және Кіші Қаратау аумағында геопарк ұйымдастыруды ұсынды.

Фестивальдегі ерекше жаңалықтың бірі – жамбылдық 100 қолөнерші 200 шаршы метрлік киіз басып, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары