Қазақстандық теннисші, әлемнің 258-ракеткасы Денис Евсеев Прага (Чехия) челленджер турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші іріктеудің жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 803-орында тұрған, жарысқа арнайы шақырту алған корт иесі Якуб Филиптің меселін қайырды. Д.Евсеев 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 12 минутқа созылған бәсеке барысында Евсеев 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың сегізін мүлт жіберген жоқ. Филип 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Денис Евсеев іріктеу сайысының финалында әлемнің 217-ракеткасы, испаниялық Даниэль Ринконмен кездеседі. Оның жеңсе, негізгі додаға жолдама алады.
Д.Ринкон рейтингіде 332-орындағы хорватиялық Матей Додигті жолдан тайдырды – 6:3, 1:6, 6:4.
Прага жарысының жүлде қоры 91 250 еуроға бағаланған. Жеңімпаз 12 980 еуроға қоса 75 рейтингілік ұпайға қол жеткізеді.