Жүлде қоры – 120 млн: Астанада өткен аламанда Семейдің сәйгүлігі ешкімге дес бермеді

/
Жүлде қоры – 120 млн: Астанада өткен аламанда Семейдің сәйгүлігі ешкімге дес бермеді
Фото: Argymaq.kz

Астанадағы «Қазанат» атшабарында Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Astana Сир» ат жарысының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Turkystan.kz Argymaq.kz-ке сілтеме жасап.

100-ге жуық жүйрік сынға түскен ат жарысында 6 қашықтық бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Ұшқыр бәйге. 1 200 метр. 9 қатысушы.

І орын. «Скайлер Блэйк». Шабандоз — Расул Алпысбай. Бапкері иесі Магомет Каппушев, ат Марат Кушеров; (5 млн теңге)

ІІ орын. «Икарус». Шабандоз — Мырзабек Каппушев. Бапкері - Нұржігіт Табылдиев, ат иесі Нұржігіт Табылдиев; (3 млн теңге)

III орын. «Амайя» Шабандоз — Жеңіс Диас. Бапкері - Аида Ташмуратова, ат иесі Жомарт Капанов; (2 млн теңге).

Ұшқыр бәйге. 1 600 метр. 5 қатысушы.

І орын. «Мэрайя». Шабандоз — Күрімбек Дидарбек. Бапкері — Күрімбек Дидарбек, ат иесі Владимир Старых; (5 млн теңге)

ІІ орын. «Хакан». Шабандоз Болат Абдыхамит. Бапкері — Керімбек Өмірәлиев, ат иесі Болат Қожамсейітов; (3 млн теңге)

III орын. «Шардара» Шабандоз — Нұртөре Нәсіпбек. Бапкері — Геннадий Исанов, ат иесі Мақсат Ақаев (2 млн теңге).

Ұшқыр бәйге. 1 800 метр. 14 қатысушы.

І орын. «Нур Шатоя». Шабандоз — Күрімбек Дидарбек. Бапкері — Дәурен Жүсіпов, ат иесі Қайрат Жұмағалиев (5 млн теңге);

ІІ орын. «Пионер Пак». Шабандоз — Қайрат Доқтырбаев. Бапкері иесі Евгений Караваев, ат Бейбарыс КХ; (3 млн теңге)

III орын. «Семіз ір» Шабандоз - Дәурен Жүсіпов. Бапкері - Эдуард Ах, ат иеси Бақтияр Байзақов; (2 млн. теңге)

Ұшқыр бәйге. 2 000 метр. 14 қатысушы.

І орын. «Флэтчер». Шабандоз - Расул Алпысбай. Бапкері иесі Магомет Каппушев, ат Марат Кушеров; (15 млн теңге)

ІІ орын. «Кип Голд». Шабандоз - Дәурен Жүсіпов. Бапкері — Эдуард Ахмолдин, ат иесі Махамбет Пайдин мен Алмас Сапаев; (10 млн теңге)

III орын. «Ел Орда» Шабандоз — Жеңіс Диас. Бапкері - Аида Ташмуратова, ат иесі Ұлан Умаров; (5 млн теңге)

Топ бәйге. 12 шақырым. 24 қатысушы.

І орын. «Байдик». Шабандоз — Диас Жартыбай. Бапкері - Әділет Ноқатай, ат иесі Ардақ Сарсекеев; (15 млн теңге)

ІІ орын. «Бәйтерек». Шабандоз - Аңсар Арыстанбек. Бапкері иесі Жамбыл Бөбекбай, ат Қасым Алтынбай; (10 млн теңге)

III орын. «Найза» Шабандоз — Дамир Ілесбек. Бапкері - Нұржігіт Табылдиев, ат иесі Нұржігіт Табылдиев; (5 млн теңге)

Аламан бәйге. 18 шақырым. 32 қатысушы.

І орын. «Қарлығаш». Шабандоз — Амир Сералы. Бапкері Азамат Мирсалимов, ат иесі Мейрамхат Искаков; (15 млн теңге)

ІІ орын. «Көкдауыл». Шабандоз - Аңсар Арыстанбек. Бапкері — Жамбыл Бөбекбай, ат иесі Қасым Алтынбай; (10 млн теңге).

III орын. «Тасқын» Шабандоз — Юбыр Ерқанат. Бапкері - Мұрат Досбергенов, ат иесі Мұрат Өсербаев; (5 млн теңге)

Айта кетейік, жалпы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау қаржылай сыйақы шығындары демеушілер есебінен жүргізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары