«Дастан салған ізбен»: Еуропалық клубтар «Қайрат» командасының тағы бір ойыншысына қызығушылық танытты

/
«Дастан салған ізбен»: Еуропалық клубтар «Қайрат» командасының тағы бір ойыншысына қызығушылық танытты
ҚФФ/fckairat.com

«Қайрат» футбол клубы және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Исмаил Бекболат жазғы трансфер маусымында шетелдік клуб сапына ауысыу мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бекболат биылғы маусымды сәтті бастап, U-17 құрамасында да, клуб сапында өзін жақсы қырынан көрсетті. Исмаил Еуропа мен Ресей скауттарының іріктелген тізіміне былтыр ілінген болатын, бүгінде Ресей мен Еуропаның бірнеше клубынан қызығушылық танытқаны белгілі болды.

17 жастағы футболшы «Қайраттың» негізгі құрамасы сапында ойнап үлгерді. Биылғы чемпионатта ол 5 кездесуге қатысты. Сонымен қатар, ол Бірінші лигада ойнайтын «Қайрат-Жастар» командасы сапында үш кездесуде ойынға араласты.

Исмаил жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезінде өткен ойындарда да көзге түскен болатын. Грузияға қарсы ойында 1 гол соқса, Литваға қарсы кездесуде хет-трик жасады.

Еске сала кетейік, «Қайрат» клубының түлегі Дастан Сәтпаев әйгілі «Челси» клубына ауысады. 16 жастағы ойыншы 2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына қосылады. Ол уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары