Ақмолада мемлекеттік мекеме инвесторға жалған айып таққан

/
Ақмолада мемлекеттік мекеме инвесторға жалған айып таққан
istockphoto.com

Зеренді аудан прокуратурасы құс фабрикасын кеңейтіп, 200-ден астам жұмыс орнын құрып, жалпы құны 6 млрд теңгелік жобаны жүзеге асырған «BlicTerminal» ЖШС-ның құқығын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зеренді ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері, прокурормен келіспей, ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша инвесторға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Ал материалдарды зерделеу барысында кәсіпкердің әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағаны анықталды.

Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс тоқтатылды.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары