Қатонқарағайда қар барысы фототұзаққа түсіп қалды (ВИДЕО)

/
Қатонқарағайда қар барысы фототұзаққа түсіп қалды (ВИДЕО)
скриншот

Қатонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында орнатылған фототұзаққа Қызыл кітапқа енген қар барысы түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.

Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады.

Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары