"Үлкен өзгерістерге алып келеді": Apple компаниясы сотта жеңілді

/
"Үлкен өзгерістерге алып келеді": Apple компаниясы сотта жеңілді

АҚШ соты Apple мен Epic Games арасындағы төрт жылға созылған дауға нүкте қойды. Сот Apple компаниясының әзірлеушілерге өз платформасынан тыс төлем жасау мүмкіндігін шектеуі заңға қайшы деген шешім шығарды. Бұл шешім iOS экожүйесінде үлкен өзгерістерге алып келмек, деп жазды theverge.com.

Неліктен бұл тарихи шешім? Енді кез келген қосымша қолданушыларға: «Біздің сайтта арзанырақ» деп ашық жаза алады. Apple мұндай ақпаратты бұғаттай алмайды. Бұл – iOS жүйесіндегі төлемдерге қатысты Apple-дің монополиясының аяқталуы деп түсінуге болады. Әзірлеушілер табысының көбірек бөлігін өздерінде қалдыра алады, ал пайдаланушылар үшін бағалар төмендеуі мүмкін.  

Сонымен қатар, сот шешімін орындаудан бас тартқан жағдайда Apple қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Бұл жаңалық App Store ішінен жазылым рәсімдеген барлық қолданушыларға қатысты. Ал бағдарламалаушылар үшін – табысты арттырудың жаңа мүмкіндігі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары