Үндістан Пәкістан ұшақтарына әуе кеңістігін толықтай жапты

/
Үндістан Пәкістан ұшақтарына әуе кеңістігін толықтай жапты
pixabay.com

30 сәуірден бастап 23 мамырға дейін Үндістан Пәкістаннан келетін барлық ұшақтар үшін әуе кеңістігін жапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жағдай террористердің Пахалгам қаласының қасындағы шабуылынан кейін ушыққан.

«Үндістанның әуе кеңістігі Пәкістанда тіркелген барлық ұшақтар үшін жабық. Сондай-ақ пәкістандық әуе компаниялары мен операторлары жалға алған ұшақтар мен әскери рейстерге де жабық. Шектеу жерден көкке дейін қолданылады. Уақыты 30 сәуірден 23 мамырға дейін», - делінген хабарламада.

Пахалгам маңындағы шабуылдан Үндістанның 25 азаматы мен Непалдың бір турисі қаза тапқан. Шабуылды «Лашкар-и-Тайба» ұйымына қатысы бар «Қарсылық фронты» тобы мойнына алған.

Пәкістаннан Үндістанға кірген азаматтар 1 мамырға дейін шекарадан шығуы тиіс.

Бұған жауап ретінде Пәкістан Үндістанмен сауданы тоқтататынын мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары