Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесеріне және концертіне қатысты. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
Жинақ авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Азамат Жылтыргөзов.
Ноталар жинағына Қазақстан мәдениеті күндері аясында шет елдерде, сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлеріндегі концерттік алаңдарда орындалған музыкалық шығармалар енген.
Этностардың мәдениетін насихаттай отырып, өнерпаздар еліміздің сан қырлы әрі бай мәдени мұрасын дамытуға зор үлес қосуда.
Опера мен вокал өнері – халықты музыка мен сөз арқылы біріктіретін биік рухани күш.
Марат Әзілханов А.Жылтыргөзовке және бүкіл шығармашылық ұжымға полиэтностық Қазақстан мәдениетін дамыту жолындағы игі істеріне табыс, жаңа шығармашылық жетістіктер тілейді.