Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде әкесімен билеген биінің видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Әнші тойда әкесімен құшақ биін билеген сәтін жариялап, ата-анасына алғысын жеткізді.
«Рақмет Әке - Ана! Барлығымыздың атымыздан, бізді шартсыз жақсы көретін Әкелер мен Аналарға ән арнадым! Қабыл алыңыздар! Біз Сіздерді қатты жақсы көреміз», - деді әнші Мөлдір Әуелбекова.
Желі қолданушылары әншіге ақ жарма тілектерін жазып жатты.
«Керемет жансыз, ата-анаңыз аман болсын», «Өте еңбекқор, шынайы екенсіз ғой», «Ата-анамыз жүз жасасын», - деген секілді жылы лебіздерін білдіріп жатты.