Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің туған қарындасы Раушан сырға салу рәсімінен видео жүктеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл жайлы бүгін әншінің қарындасы Instagram парақшасында жариялады. Раушан Құдайберген көктемнің романтикалық сәттерінен құралған видео жариялап, онда қазақтың ұлттық көйлегін киіп тұрғаны көрінеді. Бейнежазбада сондай-ақ Димаштың қарындасын маңдайынан сүйіп тұрған күйеу жігіт пен көзіне жас алған ата-анасы да бар.
Желі қолданушылары болса екі жасқа жылы лебіздерін білдіріп жатты.
«Мәссаған, бақытты болыңыздар», «Әлемдегі ең сүйкімді қыз шығар, тек бақыт тіледім», «Қыздарын қимай ата-анасы мұңайып тұр ғой», - деді желі қолданушылары.