Төлеби ауданында 19 этнос өкілі білім алатын ерекше мектеп бар, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол 90 жылдық тарихы бар Бірінші мамыр жалпы білім беретін мектебі. Бұл білім ордасында қазақ, орыс, украин, татар, кәріс пен неміс, қытай этносының балалары білім нәрімен сусындап жүр.
Көпұлтты бұл мектептің оқушылары оқуда озат, белсенді жастар. Интеллектуалды сайыстардан бөлек спорттық жарыстарға да қатысып республикалық, облыстық деңгейде жүлделі орындар иеленіп жүргендері де бар.
Қазір білім ошағында 1800 бала бар. Түрлі ұлт өкілдерінен құралған 220 ұстаз оқушыларға қазақ және орыс тілінде сапалы білім, саналы тәрбие беруде.