Мадридте өтіп жатқан топырақтағы "Мастерс" турнирінің ширек финалында 75-орында тұрған қазақстандық Александр Бублик чехиялық теннисші, әлемнің 23-ракеткасы Якуб Меншикпен кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
"Чемпионат" дерегінше, матч нәтижесі — 6:3, 6:2, чех спортшысы пайдасына шешілген. Кездесу 57 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Меншик 10 эйс жасап, бір ғана қос қателік жіберді. Сондай-ақ, ол 4 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Ал Бублик 1 қос қателік жасап, 4 эйс орындағанымен, 3 мүмкіндік кезінде бірде-бір брейк жасай алмады.
Ширек финалда Якуб Меншик неміс Александр Зверев пен аргентиналық Франсиско Серундоло арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.