Маңғыстауда 460 оқушы уланған мектеп асханасының меңгерушісі сотталды

/
Маңғыстауда 460 оқушы уланған мектеп асханасының меңгерушісі сотталды
Ашық дереккөзден

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сот үкімімен жазаға тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің асханасын басқарған жеке кәсіпкер Дәметкен Шәкенова 1 жылға бас бостандығынан айырылып, үкім шыққан сәтте сот залында қамауға алынды. Бұдан бөлек, ол алдағы 3 жыл бойы қоғамдық тамақтандыру саласында кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырылды.

Айта кетейік, бұл жағдай 2023 жылғы 6 қыркүйекте болған еді. Мұнайлы ауданына қарасты мектепте жүздеген оқушы асхана тамағынан кейін улану белгілерімен медициналық көмекке жүгінген.

Тексеру нәтижесінде тағам әзірленетін орыннан ішек инфекциялары, ал 12 қызметкерден стафилококк бактериясы анықталған. Сонымен қатар, ыдыс жуушы әйел дизентерия қоздырғышын тасымалдағаны белгілі болды.

Анықталғандай, жеке кәсіпкер Шәкенова осы мектепке 10 жылдан астам уақыт бойы ыстық тағам жеткізумен айналысқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары