Белгілі блогер, шоумен Жахан Отарғалиев келіншегіне үй сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz.
Блогер тосыннан келіншегіне үйдің кілтін сыйлап, қуантып қойды.
«Бұйырса, біздің баламыз болады деген күнге жетейік. Сен барлық жерде маған қолдау бердің. Сол үшін көптен көп рахмет. Алла разы болсын. Біздің енді өзіміздің үйіміз бар», - деді блогер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жахан Отарғалиев көп ұзамай жөндеу жұмыстары басталатын да жасырмады.
Еске сала кетсек, жақында Жахан Отарғалиев тағы бір мәрте шаңырақ көтерген болатын.