Маңғыстауда қызғалдақ даласында банкет жасағандардың видеосы тарады

/
Маңғыстауда қызғалдақ даласында банкет жасағандардың видеосы тарады
скриншот

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында қызғалдақ өскен далаға дастархан жайып, мерекелік іс-шара ұйымдастырғандардың видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Видеода қызғалдақ өсіп тұрған алқапқа бірнеше үстел мен орындық қойылғаны көрініп тұр.

Желі қолданушылары демалушылардың мұндай әрекетіне наразылық білдірді.

«Біздікілерге ішіп-жесе болды, ал табиғатттың жағдайы қызы емес», «Қызғалдақтарға обал жасады-ау», «Керемет,бірақ фотоға ғана түсіп, сосын қайту керек қой.Тамақ ішу қажет емес деп ойлаймын», «Таптап тастады-ау», «Масқара! Надандық қой.», - деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары