"Бірінші анасына хабарласқан": Ыстанбұл тұрғыны жер сілкінісінен кейін күйеуімен ажыраспақ

"Бірінші анасына хабарласқан": Ыстанбұл тұрғыны жер сілкінісінен кейін күйеуімен ажыраспақ

Ыстанбұл тұрғыны жуырда 6,2 ұпайлық болған зілзаладан кейін күйеуімен ажырасуға арыз берген, деп хабарлайды turkystan.kz Түркістан арнасына сілтеме жасап.

Басты себеп – күйеуі табиғат апаты кезінде бірінші өзіне, яғни әйеліне емес, анасына хабарласса керек. Әйелдің айтуынша, ол жер сілкінісінен кейін жолдасының телефонын тексеріп көрген. Сөйтсе, күйеуі амандық білу үшін ең бірінші өзіне емес, алыста тұратын анасына хабарласқан. 

Адвокат Эргюн Казанырдың айтуынша, әйел зілзала кезінде баласымен бірге үйден шығып, дереу күйеуіне хабарласқан. Ол күйеуінен жағдайын сұрағанда, ол “Жақсы, қазір келемін” деп жауап берген. Әйелі оны аулада күтіп, телефонының қуаты таусыла бастаған соң, қастарына келген күйеуінен телефонын сұрайды. Сол кезде күйеуінің апат кезінде алғаш қоңырау шалған адамы өзі емес, 200 шақырым алыста тұратын анасы екенін білген.

Осы жағдайдан кейін әйел күйеуінен көңілі қалып, ажырасуға өтініш беріпті. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары