Серік Сәпиев Қазақстанның Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің(ҰСҚ) кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға Комитеттің делегаттары мен құрылтайшылары, сондай-ақмемлекеттік органдар мен спорт қоғамдастығының өкілдеріқатысты. Конференцияның негізгі мақсаты — басшылыққұрамды жаңарту және ҰСҚ қызметінің алдағы басымбағыттарын айқындау болды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша ҰСҚ Президенті болып Серік Жұманғалиұлы Сәпиев сайланды. Ол 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, бокстан бірнеше дүркін әлемчемпионы, қазіргі уақытта Қарағанды облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады.
Оның кандидатурасын құрылтайшылар бірауыздан қолдады.
Конференция барысында Комитеттің вице-президенттері де бекітілді: Достан Ибрагимов, Руслан Ищанов, Павел Казанцев, Азамат Қарлығашев, Қуанышбек Мұқаш, Мейрамбек Махамбетов, Ғабит Сатмағанбетов, Арсен Шакуов және Бекзат Қалиев. Бас хатшы қызметіне АйжанЧокина тағайындалды.
Арнайы шешіммен Сауле Садыққызы Шакуоваға — ҰСҚ-ның көпжылдық басшысы және негізін қалаушылардың біріне — Комитеттің Құрметті президенті мәртебесі берілді. Ол 1993 жылдан бастап есту қабілеті бұзылған спортшыларды даярлауға, жарыстар ұйымдастыруға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосты.
Шара аясында Сауле Шакуова Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.
Конференция шешімдерінің қатарында — ҰСҚ-ның қызметінің басым бағыттарын бекіту, оның ішінде Қазақстан құрамасының 2025 жылы Токио қаласында өтетін жазғы Сурдлимпиадалық ойындарға дайындық мәселесі бар. Спорт ұйымдары мен жаттықтырушылардан дайындыққа қажетті ұсыныстар мен қажеттіліктерді 2025 жылғы 10 мамырға дейін жолдау сұралды.
Сонымен қатар, Комитеттің орталық кеңсесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім Туризм және спорт министрлігімен және астанада орналасқан ұлттық спорт құрылымдарымен тығыз ынтымақтастық қажеттілігімен байланысты.
Конференция ҰСҚ-ның жаңа президенті Серік Сәпиевтің қорытынды сөзімен аяқталды. Ол сенім білдіргені үшін қатысушыларға алғыс айтып, есту қабілеті шектеулі спорттүрлерін дамыту үшін күш біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиадалық комитеті (ҰСҚ) — Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы негізінде қызмет атқаратын ұйым. Комитет Қазақстанды Халықаралық саңыраулар спорт комитетінде (ICSD) таныстырады және есту қабілеті бұзылған спортшыларды Сурдлимпиадалық ойындарға және басқа да халықаралық жарыстарға дайындауды жүзеге асырады.