Өзбекстанда көлік бағалары төмендеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
2025 жылдың наурыз айында Өзбекстанда қолданыста болған автокөліктердің бағасы айтарлықтай төмендеп, бұл өз көлігін жаңартқысы келгендер үшін жағымды жаңалық болды, деп жазды
Бұл туралы Finratings.kz сайты Макроэкономикалық және өңірлік зерттеулер институтының (ИМРИ) деректеріне сілтеме жасап хабарлаған.
Аталған институт мамандарының айтуынша, ең көп арзандаған көліктердің бірі — Chevrolet Cobalt. Қазір бұл модельді бұрынғыдан әлдеқайда арзан бағаға сатып алуға болады.
«Орта есеппен алғанда, бұл көліктердің жүрілген нұсқалары 12 мың доллар тұрады. Ал жүру қашықтығы аз үлгілерін 12,7 мың долларға сатып алуға болады. Көбірек жүрген машиналарды 11,5 мың долларға да табуға болады», - делінген зерттеу қорытындысында.
Алайда арзандаған тек Cobalt емес. Мәселен, Damas көлігін орташа жүріспен 7,9 мың долларға, ал аз жүрген моделін 8 мың долларға сатып алуға болады. Сонымен қатар, Өзбекстанда кеңінен таралған Onix маркалы көліктердің де бағасы 1 мың долларға төмендеген. Қазір олардың нарықтағы құны шамамен 12,2 мың долларды құрайды.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс электромобильдерге де әсер еткен. Мысалы, жаңа BYD E1 бағасы 16 мың доллар болса, BYD Han үлгісінің жаңа нұсқасы 31,5 мың долларға, ал қолданыста болған үлгісі 33,9 мың долларға дейін арзандаған.
Сарапшылар мұндай баға төмендеуінің себебін салық саясатының өзгеруі мен нарықтағы ауытқулармен байланыстырады.