Әскери қызметкерлер марапатталды

Әскери қызметкерлер марапатталды

22 сәуір Әскери полиция күніне орай Қорғаныс министрлігінде басшылық пен жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын өтті.    

Әскери полиция бас басқармасының бастығы пол­ков­ник Руслан Құлымбетов құттықтау сөзінде ардагерлердің Қа­зақстан әскеріндегі құқық қорғау құрылымының қа­лып­тасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті.
– Биылғы жылы кәсіби мереке Ұлы Жеңістің 80 жыл­дығына арналған шеруге дайындықпен тұспа-тұс келді. Сон­дықтан қазір әскери полицияның құрама жасағы өз­деріне жүктелген кәсіби міндеттерін орындайды, көлік лек­теріне ілесіп жүреді, далалық лагерь аумағында қауіп­сіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ете­ді, – деді полковник Р.Құлымбетов. 
Басқарма басшысы Жеңіс парадына жалпы 300-ден аса әскери полиция қызметкері қатысатынын атап өтті. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, сал­танатты марш құрамында да адымдап өтеді. 
Мерекелік шарада ерекше көзге түскен әскери қыз­мет­шілер Әскери полиция бас басқармасы бастығының аты­нан грамоталармен, алғыс хаттармен және ве­домстволық төсбелгілермен марапатталды. Бірқатар әс­кери қызметшілерге кезекті әскери атақ мерзімінен бұрын берілді.   

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары