Аустралияның Модсленд қаласында тұратын отбасы кір жуғыш машинаның ішінен жылан тауып алып, бірден арнайы құтқарушылар қызметіне хабарласқан. Мамандар бұл әлемдегі ең улы құрлық жыланының бірі саналатын қоңыр жылан екенін анықтады, деп хабарлады UPI.
Бұл бауырымен жорғалаушының уы уыттылығы жағынан тек тайпан жыланына жол береді. Ұзындығы 1,8 метрге дейін жететін бұл жыландар, егер дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, адам өміріне аса қауіпті. Мамандардың айтуынша, олар әдетте адаммен қақтығыстан қашуға тырысады, бірақ мазаласа, бірден шабуылға көшеді.
Жыланның үйге қалай кіргені белгісіз. Абырой болғанда, оны дер кезінде ұстап алды, ешкім зардап шеккен жоқ. Торлы қоңыр жыландар Аустралияның шығыс жағалауында кең таралған және агрессивті мінезімен танымал.