Астанада ер адам автобуста қыздың бөксесіне қол жүгіртті, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Болған жайтты куәгер видеоға түсіріп алған. Видеодан азғын қыздың жамбасына қолын ақырын тигізіп жатқанын көруге болады. Мұны байқаған жолаушылардың бірі «не істеп жатсың?» деп сұрайды. Ер адам жалт бұрылып, «ештеңе» деп жауап берген.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты жауап берді. Елорда полицейлері азғынды іздестіріп жатыр.
"Ер адамның кім екені анықталып жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу басталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.