Тверь қаласында (Ресей) сақал қойған бірнеше ер адам танысудан бас тартқан қыздарға шабуыл жасаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Telegram-дағы "Инцидент Тверь" арнасына жәбірленуші қыздардың құрбысы анонимді түрде айтып берген.
Оның айтуынша, оқиға 24 сәуірге қараған түні Трехсвятская көшесіндегі кафеде болған. Екі жергілікті тұрғын қыз киноның соңғы сеансына үлгермей қалғандықтан, сол кафеге тамақтануға барған. Сол жерде оларға Ресей Федерациясының Шешенстан Республикасынан келген жігіттер танысайық деп жақындаған. Қыздар келісім бермегеннен кейін, олар одан бетер мазалай бастаған.
"Барлығы сегіз адамнан тұратын топ екі қызды қоршап алды. Солардың бірі қыздың бірін кеудесінен ұрып, көйлегін жыртып жіберді. Өкінішке қарай, екінші қыз да жәбір көрді: оны да ұрып, киімін бүлдірген. Арыз жазылды. Бақылау камерасындағы видео бар. Кінәлілер лайықты жазасын алады деген үміттемін. Олар, қасқырлардай, қыздарды қоршап алып, жібермей ұстады", – деп жазған Тверь тұрғыны.