Үш жасар қызын өлімші етіп сабап, мерт қылған Каспийск қаласының тұрғыны бір айға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Дағыстанның жалпы юрисдикция соттарының біріктірілген баспасөз қызметі хабарлады.
«Тергеу мәліметінше, 2025 жылғы 20 наурызда күдікті қызының денесінің әртүрлі жерлеріне бірнеше рет қолымен соққы жасаған. Салдарынан бала комаға түсіп, есін жимастан бір айдан кейін медициналық мекемеде көз жұмған», – делінген хабарламада.
Әйелге РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабы – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, бұл абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу (4-бөлім) бойынша айып тағылды. Тергеу органдарының қамауға алу туралы өтініші қаралып, сот 21 мамырға дейін бір ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.