Қытайда 25 қабаттан құлаған қыз аман қалған. Бірнеше жарақат алған ол ауруханадан үйіне оралды, деп жазады turkystan.kz South China Morning Post-ке сілтеме жасап.
Таншань (Хэбэй провинциясы) қаласында тұратын тоғыз жастағы қыз үйдің іші ыстық болған соң, терезені ашпақ болған кезде абайсызда құлап кеткен. Нәтижесінде ол жетінші қабаттың платформасына құлап түскен. Ол уақытта анасы жұмыста болған, ал әкесі қызын өз бөлмесінде үй тапсырмасын істеп отыр деп ойласа керек. Тамақ ішуге шақырар кезде оны таба алмаған. Кейін жетінші қабаттың тұрғыны үйді басқару компаниясына хабарласқан. Белгілі болғандай, қыз құлап түскен соң түрегеліп, жүрген.
Қолы мен омыртқа жотасы сынған, миы шайқалмаған. Он күн ауруханада жатып емделген оны дәрігерлер