Шиелі ауданында азамат Н. 2025 жылы 13 сәуірде өзінің басқаруындағы автокөлігімен жолдың сол жақ бөлігімен жүріп келе жатып, оңға бұрылу сәтінде, жолдың оң жақ бөлігімен өз жолымен келе жатқан жәбірленуші Ш.-ның автокөлігіне жол бермей соқтығысып,жол-көлік оқиғасын жасаған.
Осылайша жол жүрісі қағидаларын бұзып, материалдық залал келтiрген.
Шиелі аудандық сотының қаулысымен азамат Н.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге әкімшілік айыппұл салынған.