24, 25 және 26 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы күрт суытып, кейбір өңірлерде үсік жүруі мүмкін.
Елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда түнгі уақытта солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы болжануда: жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Сондай-ақ республиканың көптеген өңірлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында тұман болады.
Үсіктің күтілетін өңірлер:
- - 24 сәуірде – Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан;
- - 24-25 сәуір аралығында – Павлодар;
- - 25 сәуірде – Қарағанды;
- - 25-26 сәуірде – Шығыс Қазақстан және Абай облыстары.
Тұрғындарға ауа райының өзгерістеріне мұқият болып, сақтық шараларын ұстануға кеңес беріледі.