Ыстанбұлда 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, ізінше жер дүмпуі бірнеше рет қайталанған, деп хабарлайды turkystan.kz МИР арнасына сілтеме жасап.
Жалпылама айтқанда, бір сағатта 6 рет жер сілкінген. Олардың магнитудалары – 3,9, 6,2, 4,4, 4,8, 4,5 және 4,9.
Алып шаһарда үлкен дүрбелең туғызған жер дүмпуі салдарынан интернет желісі нашарлап, мобильді телефон жүйесі істен шықты.
Зілзала ошағы Силиври ауданының жағалауындағы Мәрмәр теңізінде 6,92 шақырым тереңдікте екені анықталды.
Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардан зақым келген үйлерге кірмеуге үндеді.