WhatsApp арқылы ыдыс сатқан адам клиентін алдап кеткен

/
WhatsApp арқылы ыдыс сатқан адам клиентін алдап кеткен
pixabay.com

Жамбыл облысының Сарысу аудандық сотына арзан бағамен ыдыс сатып алмақ болып алданған келіншек жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жауапкер WhatsApp мессенджерінде ыдыс-аяқ сататынын айтып, жарнама жасаған.

Талапкер ыдыс алу үшін жауапкерге Kaspi.kz қосымша арқылы 155 мың теңге аударған.

Ақша түскеннен кейін жауапкер тапсырысты орындамай, месенджердегі топтан шығып кеткен. Ақшаны қайтармаған.

Судья жүргізген татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Келісім бойынша жауапкер талапкерге қарыз сомасын 2027 жылдың 30 қазанына дейін ай сайын төлеп отыруға міндеттелді.

Сот келісімді бекітті, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

 

Бөлісу: