Үндістанда болған атыс салдарынан 27 турист қайтыс болды

/
Үндістанда болған атыс салдарынан 27 турист қайтыс болды
Shutterstock/FOTODOM/ Talukdar David

Үндістанның Кашмир аймағында болған атыс салдарынан 27 турист қаза тапқан, 20-ға жуық турист түрлі жарақат алған, деп хабарлайды turkystan.kz МИР арнасына сілтеме жасап.

Шабуыл аймақтағы көп турист ағылатын Пахалгама өлкесінде болған. Әскери киім киіп, қаруланған үш адам жылқыға мініп, жоғарыға көтеріліп бара жатқан туристерге оқ жаудырған. Жергілкті билік өкілдері мұны лаңкестік әрекетке теңеді.

«Бұл – кейінгі жылдардағы бейбіт тұрғындарға жасалған ең ірі шабуыл,» – деп жазды аймақ басшысы Омар Абдулла әлеуметтік желідегі парақшасында.

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди Пахалгамдағы терактіні қатаң айыптап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және жараланғандарға тез сауығып кетуді тіледі.

Бейбіт тұрғындарға жасаған шабуыл үшін жауапкершілікті Үндістан аумағында танылған «Қарсыласу майданы» (The Resistance Front) ұйымы өз мойнына алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары