Батыс Қазақстанда жүк көлігі 6 жастағы баланы қағып кетті

/
Батыс Қазақстанда жүк көлігі 6 жастағы баланы қағып кетті
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі 6 жастағы баланы қағып кетті. Абырой болғанда бала аман қалды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Орал қаласында болған.

КамАЗ жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен.

Салдарынан ол түрлі жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу: