Әлеуметтік желіде СҚО әкімінің атынан жалған ақпарат тарап жатыр

/
Әлеуметтік желіде СҚО әкімінің атынан жалған ақпарат тарап жатыр
gov.kz

СҚО әкімдігі бүгін, 23 сәуірде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысумен желіде тарап жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Таратылған ақпарат бойынша, соңғы кезде Солтүстік Қазақстан облысына қатысты ақпараттық шабуылдар жасалып жатыр.

«Бүгін әлеуметтік желілерде газдандыруға қатысты жасанды интеллект көмегімен жасалған СҚО әкімінің баспасөз қызметінің жалған ақпараты мен өңір басшысының қатысуымен жалған видео таралуда», - деп жазды әкімдік.

Сондай-ақ, әкімдік жалған ақпарат тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жолданғанын атап өтті.

«Азаматтарды ақпараттың шынайылығын тек ресми дереккөздер арқылы ғана тексеруге үндейміз», - делінген СҚО әкімдігі хабарламасында.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары