Мектеп оқушылары арасындағы төбелес: Бір бала ауруханаға түсті

/
Мектеп оқушылары арасындағы төбелес: Бір бала ауруханаға түсті
Ашық дереккөзден

Әзербайжан Республикасының Гяндже қаласында мектеп оқушылары арасында төбелес болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ахмед Джавад атындағы №2 орта мектептің оқушылары – 2009 жылы туған Фарид Гулиев, 2010 жылы туған Амин Гумбатов және Рауль Гусейнов түрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

Олар қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілген.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елдің медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару бірлестігі өкілдері төбелестің салдарынан бір адамның ауруханаға түскенін хабарлады.

«22 наурыз күні сағат 14:10 шамасында 2008 жылы туған жасөспірім Гяндже қалалық Abbas Sahhat атындағы аурухананың жедел жәрдем бөлімшесіне жеткізілді. Оған сол көз аймағындағы гематома мен бас-ми жарақаты диагнозы қойылып, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы – орташа ауыр, ол тиісті бөлімшеде ем қабылдап жатыр», – делінген хабарламада.

 

Бөлісу: