ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" ММ ұшқыштары "МИ-8" тікұшағында санавиация дәрігерлерінің бригадасымен ЖКО кезінде зардап шеккен 1991 ж.т. әйелді Риддер қаласынан облыс орталығына шұғыл тасымалдады, деп хабарлады turkystan.kz.
"Шұғыл медициналық рейстер жоғары кәсіби дайындықты және барлық қатысушылардың үйлесімді жұмысын талап етеді. "Қазавиақұтқару" ММ экипажы мен дәрігерлердің жедел іс-қимылдарының арқасында пациент Өскемендегі медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді. Ол жерде оған қажетті көмек көрсетіледі. Қазақстан ТЖМ адам өмірің құтқару бойынша маңызды миссияны орындауды жалғастыруда", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.