Қытай әлемде алғашқы болып 10G жылдамдықтағы интернет қолданысқа берілді. Жаңа технология сынақ түрінде емес, нақты жұмыс істеп тұрған желі ретінде іске қосылды. Ол Бейжің қаласына жақын орналасқан Сюнъань тұрғын ауданында орнатылды.
Интернет жылдамдығы – секундына 9 834 Мбит-ке дейін жетеді. Мұндай мүмкіндік арқылы 4K сапасындағы фильмді небәрі бір минутта, ал көлемі 100-150 ГБ болатын компьютерлік ойынды екі минутта жүктеуге болады.
Мамандардың айтуынша, бұл – цифрлық инфрақұрылымдағы үлкен серпіліс және болашақта мұндай желілер басқа да қалаларға таралуы мүмкін.