Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелінің шотынан қомақты қаражат ұрлаған

/
Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелінің шотынан қомақты қаражат ұрлаған
istockphoto.com

Ақмола облысында ер адам бұрынғы жұбайының шотынан ірі көлемде ақша жымқырды, - деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарқайың ауданының полиция бөліміне Державинск қаласының 35 жастағы тұрғыны жүгінген.

13 сәуірде белгісіз біреу оның банктік мобильді қосымшасы арқылы 199 655 теңге аударып алған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған құқық бұзушылықты жәбірленушінің бұрынғы жұбайы жасағаны анықталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам түнгі сағат 00:30 шамасында әйелдің үйіне кіріп, оның ұялы телефонын алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Кейінірек ол құрылғыдағы банктік қосымша арқылы ақшаны шешіп алып, жеке қажетіне жұмсаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу: