жексенбі, 20 сәуір, 2025

АҚШ-тағы бокс кеші: Садриддин Ахметовтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

/
АҚШ-тағы бокс кеші: Садриддин Ахметовтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
Видеодан скриншот

Қазақстандық кәсіби боксшы Садриддин Ахметов Коммерс қаласында (АҚШ, Калифорния) мексикалық Элиас Эспадаспен 10 раундтық жекпе-жегін өткізді. 

Осыған дейін бірінші орта салмақта Садриддин Ахметов 15 кездесудің 13-ін нокаутпен аяқтаған еді.

Э.Эспадас та (23-6, 16 КО) осал емес-ті.

Бокс кешінің басты жекпе-жегі қазақстандық боксшының басымдылығымен өтті. Оның соққылары дөп тиіп жатты. Алайда төрешілер ұрысты тең деп бағалады.

Осылайша, С. Ахметов те, Э.Эспадас та өз спорттық жолдарында алғаш рет тең нәтиже көрсетті.

Жекпе-жектен кейін Садриддин Ахметов бәрі де алда екендігін айтып, қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Бөлісу: