Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті жариялады.
Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері 14.566 ұпай жинап, Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.
Бұл сында жеңісті армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды — 14.700 ұпай. Ал Қытай өкілі Яньмин Хун 14.666 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Зейнолла Ыдырысов 14.200 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.