сенбі, 19 сәуір, 2025

Чемпиондар Лигасы: «Арсенал» әйгілі «Реал» командасын жеңіп, жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

/
arsenal.com

Чемпиондар лигасының ширек финалында ағылшындық «Арсенал» клубы былтырғы чемпион, испандық «Реал Мадридпен» кездесті.

Сырт алаңда болған тартысты ойында «Арсенал» ойыншылары 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Екі матч қорытындысы бойынша Артета шәкірттері 5:1 есебімен «Реалдан» басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алды. 

«Арсенал» жартылай финалда франциялық «ПСЖ» клубына қарсы ойнайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары