261
Қалтаға басқан парасын өртеп жіберген түрме қызметкері жазадан құтылып кетті
Қалтаға басқан парасын өртеп жіберген түрме қызметкері жазадан құтылып кетті
Атырауда «екі рет пара алып, қызмет бабын асыра пайдаланды» деп айыпталған түрме қызметкері сот залынан босап шықты. Бұл туралы КТК арнасыхабарлады.
Сот процесі кезінде прокурор тағылған 3 айыптың екеуін алып тастады. Яғни, Амангелді Ғұбайдуллин сотталушылардан бір рет 50 мың теңге көлемінде пара алған. Оны да Ғұбайдуллин өз машинасын ішінен жауып алып, қасындағы әріптесі екеуі өртеп үлгеріпті.Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлері басты айғақтан айырылып қалған. Дегенмен, сот оны кінәлі деп тауып, 3 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.